Балабақша асханасында бір аспазшы және бір асхана жұмысшысы істейді. Асхананың санитарлық жағдайы жақсы, ылғалды жинау жұмыстары дер кезінде жүргізіледі, терезенің алды, үстелдер, стеллаждар, ыдыстар өз орнында таза, еден жуылған, асхана іші таза, тазалығы үнемі қадағалануда.
Асханада бір тоназытқыш бар, қойма да бір тоназытқыш бар, оларда температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Күн сайын аспазшы дайын тамақтың тәуліктік бақылауын іске асырады. Ас ішу блогының өндірістік аумағында , стеллаждар, санитарлық техникалық жабдықтар жақсы жағдайда. Ас ішу үстелдері ыстық сумен жуғыш құралдарды қосу арқылы жуылады. Күн сайын балабақша меңгерушімен бекітілген ас мәзірі ілінеді. Балабақша медбикесі бракераж журналына күн сайын толтырады.
Асхананың сантарлық – гигиеналық жағдайы жақсы. Күнделікті азық-түлік сапасы тексеріледі, тамақты дайындау технологиясы, асхананың тоңазытқыш технологиялық жабдықтары тексеріледі және тамақтар мен азық түліктің сақталу талаптарының орындалуы бақылауда болады. Медициналық кітапша және жұмысқа жарамдық рұқсаты асхананың барлық кызметкерлерінде бар.
«Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі No 62 бұйрығына сәйкес жылына екі рет өндірістік бақылаудың қорытындылары туралы ақпаратты ұсынамыз.
